Еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Times Higher Education компаниясының Impact Rankings-2023 беделді рейтингіне қатысты. Рейтинг қорытындысы бойынша, университет әлемдегі 1591 университеттің ішінен ТОП 1001-ға енді. Атап айтқанда, негізгі төрт номинация бойынша университет келесі позицияларға ие болды.
Оңтүстік Қазақстан университеті Impact рейтингіне енді
1,709
оқылды

 Олар – жақсы денсаулық және әл-ауқат (ТОП 801-1000), Сапалы білім (ТОП 801-1000), Гендерлік теңдік (ТОП 601-800) және Мақсатқа жету үшін серіктестік (ТОП 1001).

Айта кетейік,  аталған рейтинг United Nations Sustainable Development Goals (Mdgs)  – БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатына негізделіп  жүргізіледі.

«Бұл жетістік М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің білім, теңдік және денсаулық сақтау саласындағы жоғары стандарттарды қолдауға деген талпынысы мен күш-жігерін көрсетеді. Оқу орны бұл күнде тұрақты дамуға қол жеткізуге және жаһандық серіктестікті қолдауға ұмтылуын жалғастыруда. Бұл халықаралық рейтинг университеттің жаһандық міндеттерді шешуге үлес қосатын көрнекті университет ретіндегі беделін растайды»,– дейді оқу орнының басшылығы.

Айта кетейік, аталған рейтинг United Nations Sustainable Development Goals (Mdgs) – БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатына негізделіп  жүргізіледі. Сондай-ақ әлемдік жоғары білім саласындағы ең беделді  рейтингтердің бірі болып танылған жоба.