Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев боччадан ел чемпионатының жабылу рәсіміне қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.
Елордада паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты аяқталды
1,156
оқылды

Жарыс 1-3 маусым аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті.

Мәулен Әшімбаев үш күнге жалғасқан тартысқа толы сайыс жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлағанын және ойындар бәсекеге толы болғанын айтып, спортшыларды тамаша нәтижелерімен құттықтады. 

Қазақстан бочча федерациясының президенті чемпионат спортшылардың рухы жоғары екеніне назар аударды. Балалар Қазақстанның қазіргі чемпиондарымен сайысқа түсіп, жеңіске деген ерік-жігері мен қайсар мінезін паш етті.

Сенат Төрағасы жарысқа қатысушылардың әрқайсысы осы чемпионаттың жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосқанын және олардың бәрі қазірдің өзінде чемпион екенін дәлелдегенін атап өтті.

Боччадан Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 47 спортшы қатысты. Белгілі қоғам қайраткерлері, инклюзия мен бейімді спортқа қолдау көрсетіп жүрген белсенді азаматтар турнир қонағы болды. Чемпионат жеңімпаздары ұлттық құрамаға қабылданады және Паралимпиада, Азия паралимпиада ойындары, челлендж сияқты ірі халықаралық додаларда Қазақстанның намысын қорғайды.