"Оқырманның айтуынша, осыдан бірнеше минут бұрын Қарағандыдағы Н.Әбдіров даңғылында ұсақ-түйек сататын дүкеннің маңында белгісіз біреу үш адамға пышақ сұғып алған. Оқиғаның егжей-тегжейі белгісіз. Оқиға орнына жедел жәрдем барған. Полицияның түсініктемесін күтемін", – делінген жазбада.
Полицияның мәліметінше, 3 маусым күні сағат 19.52 шамасында 102 телефонына Ерубаев көшесінде төбелес болып жатқаны туралы ақпарат түскен.
Оқиға орнынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді.