Бейнероликтің көрсетілімін Dimash Official Fanclub ресми фан-клубы ұйымдастырды
Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді
1,837
оқылды

3 маусымда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы ең үлкен және әйгілі LED экрандарының бірі Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің Omir жаңа музыкалық бейнебаяны және оның алдағы Малайзиядағы жеке концертіне қолдау ретінде бейнеролик көрсетілді.

 

Үш бейнероликтің көрсетілімін қазақстандық әртіс Dimash Official Fanclub ресми фан-клубы ұйымдастырды.

Бейнеролик бір күн ішінде әр 20 минут сайын LED экранында көрсетілген. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.

Еске салайық, Димаш Құдайбергеннің Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы алғашқы жеке концерті 24 маусымда өтеді.