Оқыс оқиға екі полицей тамақ ішіп отырғанда болған.
Алматыда полицей әріптесін атып тастады
1,108
оқылды

Telegram-да тараған ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаменті растады.

28 жастағы сержант оқ атқан. Ол қаза тапқан полицеймен бірге тамақ ішетін бөлмеде отырған.

Оқ ПМ қызметтік қарудан атылған. Полицей алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Куәгер полицейлер арасында жанжал болмағанын, олар жай сөйлесіп отырғанын көрген.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 маусымда болған. Полицей қызметтік қарудан абайсызда әріптесіне оқ атқан. Оқ тиген полицей сол жерде қайтыс болған.

Факті ҚР ҚК 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: qazaqpress.kz