Бұл қастандық біз үшін өте ауыр жағдай болды, – дейді досы.
«Суына у қосты»: Қанат Исламға «танымал тұлғалар» қастандық жасаған
20,231
оқылды

Боксшы Қанат Исламға қастандық жасалмақ болған. Бұл туралы оның досы Дархан Мұхтарбекұлы «Алғашқы» жобасында айтып берді, – деп жазады halyq-uni.kz. 

«Қанат екеуміз 2019 жылдың басында таныстық. Екеуміз араласып жүргенде Қанаттың бокс мансабының болашағы бұлыңғыр екені байқалды. Жақсы дос болып, араласып жүрген соң, оған қалай пайдамды тигіземін деп ойладым. Бір күні елімізде команда құрып, Қанаттың мансабын әрі қарай елде жалғастыру туралы жақсы ой келді. Екеуміз осы жөнінде сөйлесіп, бірауыздан келісіп, елде жарыс өткізетін болып шештік.

"Екінші жарысымызды ұйымдастыру барысында көптеген адам кедергі келтірді. Тіпті, еліміздегі танымал тұлғаның өкілі келіп, осы жарысты ұйымдастырмау керегін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен кезі де болды. Батырымыздың суына у қосып, қастандық жасалды. Бұл қастандық біз үшін өте ауыр жағдай болды", – дейді Дархан Мұхтарбекұлы.

Қанат Ислам бұл жағдайдың кейін талдау барысында анықтағанын айтады.

«Өмірде түрлі жағдай болады. Бар адамның сені жақсы көруі міндетті емес. Маған танымал тұлғалардан хабарласа бастады. Артқа қайтатын жол жоқ еді. Содан кейін неше түрлі ойындар басталып кетті де, Америкаға барып жаттығуды жөн көрдім.

"Өзім сылтау айтқанды ұнатпаймын. Бірақ қан тапсырған соң, анализден шықты барлығы. Мен жекпе-жек кезінде қарсыласымды бір ұрған соң, оның теңселіп кеткенін байқадым. Оны видеодан да көре аласыздар. Ал кейін оған соққы жасайын десем, денем сезілмейді. Содан артқа шегініп, қорғануға мәжбүр болдым", – деді боксшы.

фото: Тимур Батыршин