Ақтөбе қаласында екі жасөспірім суға батып кетті. Олар тыйым салынған жерге суға шомылған.
Ақтөбе Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметіне Алматы ауданы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағындағы көпір маңында 2 жасөспірім суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Олар тыйым салынған аумақта шомылған.
«Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 3 бозбаланы ағыс алып кеткені белгілі болды. Біреуі өз күшімен жағаға шыққан. Алдын ала белгілі болғаны –16 жастағы жасөспірімдер жүзу білмеген. Сүңгуірлер сағат 16:30-да жағадан 100 метр, тереңдігі 3,5 метр болатын жерден жасөспірімдердің денесін шығарды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, 4 маусым күні де қайғылы оқиға болған еді. Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Елек өзеніне 39 жастағы ер адам батып кетті. Ол да рұқсаты жоқ жерге шомылған. Сүңгуірлер жағадан 15 метр қашықтан, 4,5 метр тереңдіктен оның денесін алып шықты. Ер адам отбасымен демалуға барған. «Қазіргі кезде әлеуметтік желіде ол баланы құтқарып, өзі суға батып кеткені туралы айтылып жатыр. Бұл ақпаратты қосымша тексереміз», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.