Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жо­ғарғы Сот төрағасы Асламбек Мер­ғалиев­ті қабылдады.
Сот жүйесін жаңғырту жұмысы таныстырылды
958
оқылды

Мемлекет басшысына сот жүйесін жаңғырту жұ­мысының барысы таныс­тырылды.

Жоғарғы Сот төрағасы сот пен судьялардың тәуелсіздігін қам­тамасыз ету, судьялар кор­пусын білікті заңгерлермен ны­ғайту, сондай-ақ сот үдері­сінде азаматтар мен бизнеске берілетін кепіл­дікті күшейту міндеттерінің орындалуы жөнінде айтты.

Сонымен қатар Президентке сот қызметін аналитикалық тұр­ғыда күшейту, облыстық сот төрағаларының жауапкершілігін арттыру үшін қабылданып жатқан  шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіндегі ре­формаларды сапа­лы жүзеге асыру және қоғамның соттарға деген сенімін арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғауды күшейту жұ­мыстарын жалғастыру маңызды екеніне назар аударды.