Жетісу облысында жоғалған қыз әлі табылмады.
Жетісуда із-түзсіз жоғалған 15 жастағы қыз табылмай жатыр

Полицейлер Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылынан хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы Айзере Қанатбайқызы Ербосынды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, әлі оралмады. Мектеп оқушысы қара жемпір, қара джинсы және ақ түсті кроссовка киген.

 

Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын.

Қызды көрген-білгендер болса  +7 705 519 1021, 707 786 4630, 771 492 1007 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуды сұранады.