Ажырасулардың ең көп саны Алматыда (494), Астанада (351) және Қарағанды облысында (341) тіркелді. Ең аз ажырасу Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарында болды.
«Дәстүрлі емес жыныстық бағытқа бет бұрады»: еліміздегі ажырасу себептері белгілі болды
7,349
оқылды

Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, елімізде 24,5 мың неке тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,6%-ға аз. Қалаларда неке саны жылына 28,1%-ға, 15,6 мыңға дейін қысқарды, ауылдарда, керісінше, бірден 55,6%-ға, 8,9 мыңға дейін өсті, – деп хабарлайды ranking.kz.

 

Үш айда ажырасу саны 3,9 мыңды құрады. Бұл өткен жылға қарағанда 5,6%-ға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 14,6%-ға, 2,9 мыңға дейін қысқарды, ал ауылдарда керісінше, 36,8%-ға, 986-ға дейін өсті.

Өңірлік бөліністе ең көп неке Түркістан облысында тіркелді – 2,8 мың. Көшбасшылар үштігіне Алматы және Алматы облысы кірді. Ең аз неке Ұлытау облысында тіркелді – 264.

Ажырасулардың ең көп саны Алматыда (494), Астанада (351) және Қарағанды облысында (341) тіркелді. Ең аз ажырасу Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарында болды.

Қазақстандықтар арасында жүргізілген ажырасуға қатысты Қазақстандық қоғамдық даму институты социологиялық зерттеуінің деректеріне сәйкес, респонденттердің көпшілігі өз көзқарастарын теріс деп белгілеген.

Ажырасудың себебі ретінде респонденттер көбінесе ерлі-зайыптылардың біреуінің алкоголизмге берілуін немесе нашақорлығын (61,7%), отбасындағы зорлық-зомбылықты (жұбайына немесе балаларына қатысты) (51,1%), ерлі-зайыптылардың біреуінің құмар ойынға салынуын (47%), опасыздықты (38,4%), дәстүрлі емес жыныстық бағдарды таңдауын (22%) атап өтті.