Осы жағдайға байланысты бізде тіркеуде тұрған мектептердің барлығы тексеріледі.
Оқу-ағарту министрі 15 миллион теңгеге сатылып кеткен мектепке қатысты пікір білдірді
10,172
оқылды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет кулуарында айтты,  – деп жазады inbusiness.kz.

Мәжіліс депутаты Алматы облысының ауылындағы мектеп 15 млн теңгеге сатылып кеткенін айтқан болатын.

"Мәселені қадағалауда ұстап отырмыз. Енді анықтаймыз. Бұған дейін кеткен дүниелер ғой. Оның себептерін анықтайтын боламыз", – деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Журналистер ведомство басшысына "Бұл елдегі сатылып кеткен жалғыз мектеп пе?" деп қосымша сұрақ қойды.

"Осы жағдайға байланысты бізде тіркеуде тұрған мектептердің барлығы тексеріледі. Әзірге менде мұндай мәлімет жоқ. Бұдан бөлек, біз республикадағы барлық мектепті тексеріп, ревизия жұмыстарын жүргізетін боламыз", – деп атап өтті спикер.

Фото: primeminister.kzprimeminister.kzprimeminister.kz primeminister.kz