Оқиға өткен жылдың қазан айында болған. Танысының үйіне барған сотталушы жәбірленушінің немерелері – 2012, 2014 және 2017 жылы туған балаларға азғындық әрекеттер жасап, нәпсісін қандырған.
Кешкі ас үстінде жәбірленушінің 2014 жылы туған немересі тамақтанудан бас тартып, тілі ауыратынын айтқан. Содан соң анасы балалармен әңгімелесу арқылы оқиғаның мән-жайын білген. Қасында болған екі қызы аталған оқиғаны растап, өздеріне де дәл осындай іс-әрекеттер жасалғанын айтқан.
Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 4-бөлігімен қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
"Сот оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу түріндегі жаза тағайындады. Сонымен қатар сотталушы психологиялық және педагогикалық тәрбиелеу құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.