Ауруханада жатқан тұрғын досы екеуі тәртіп сақшыларынан таяқ жеген. Оқиға туралы Aikyn.kz сайты Almaty.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ауруханада жатқан ер адам құзырлы органдардан әділдік сұрады.
Ол бейнеүндеуде бірнеше қызметкердің есімін атайды. Әділ тергеуді талап еткен аудан тұрғыны тәртіп сақшыларының істі жылы жауып тастағысы келетінін жеткізген.
Ал Полиция департаменті жағдайдың анық-қанығын анықтау мақсатында тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.
Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова: «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шарасын жүргізуде. Тергеу барысы ҚР ІІМ басшылығының бақылауына алынды», – деді.
Фото: Телеарна сюжетінен скриншот