Арасында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ та бар.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 42 қару тәркіледі
1,363
оқылды

Биыл сәуір және мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция, прокуратура органдарымен бірлесіп, қарудың заңсыз айналымына шектеу қойды. Бұл туралы ҰҚК-ның баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Тексеру нәтижесінде, 42 бірлік қару («МР-40» автоматы, «Драгунов» снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), 8 граната, РПГ-ның 2 снаряды, 4 051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқсауыттары, радиостансалар және пышақтар тәркіленді.  

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.