Мәжілісте депутат Асхат Аймағамбетов «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытындыны жариялады.
«Аталған заң жобалары Үкіметтің заң жобалау жоспарына сәйкес әзірленді. «Масс-медиа туралы» заң жобасы осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Ілеспе заң жобасында 3 кодекс пен 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осы жобаларды жұмысқа алуға дайын», - деді Аймағамбетов.
Осылайша, Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы мен «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жұмысқа алды.