8-9 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста температура аздап түсіп, +20+28°С болады.
"Күн күркіреп, жаңбыр жауады": 8-10 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды
9,880
оқылды

Алдағы 3 күнде Қазақстанның басым бөлігінде циклонның және атмосфералық ауа ағындарының ықпалымен күн күркіреп, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

«9 маусымда солтүстікте, ел орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауады және шаңды дауыл соғады. Күндіз 8 маусымда шығыста, 8-9 маусымда оңтүстік-шығыста аптап ыстық болып, температура +41°С-қа дейін жетеді», - делінген хабарламада.

8-9 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста температура аздап түсіп, +20+28°С болады.