Атырау облысында із-түзсіз жоғалған бақташы өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жылыой аудандық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бақташының мүрдесі «Адай» зираты маңынан табылған. Бұл зират Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан.
Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Жылыой ауданында 1986 жылғы малшы жеке шаруа қожалығынан шығып кетіп, кері оралмаған. Аудандағы Ақкиізтоғай ауылы маңынан өлі мүрдесі табылды», - деп мәлім етті Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: 24.kz