Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Астана әуежайында қарсы алды, – деп хабарлады Ақорда.
Бүгін мемлекеттер басшылары екіжақты кездесу өткізіп, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.
Еске салайық, Қатар Әмірі шейх Тамим бин Хамад Әл Тәни Астана халықаралық форумының жұмысына қатысады. Форум елордада 8-9 маусым аралығында өтеді.
Фото: t.me/aqorda_resmi