Сіздер тағы не білгілеріңіз келеді? – деді ол.
Алматы әуежайының басшысы 20 миллион теңге айлық алады – журналист
2,272
оқылды

Журналист Денис Кривошеев Facebook парақшасында Алматы қаласы халықаралық әуежайының қазіргі басшысы, Түркия азаматы Алп Ер Тунга Ерсойдың жалақысына наразылық білдірді.

"Бұл ақша сіздердің түстеріңізге кіріп-шықпаған болар, ал мен сіздерге бір нәрсе айтайын. Қазақстанға Түркиядан келген үшінші сортты менеджер Алп Ер Тунга Ерсой Алматы әуежайының жетекшісі болып айына 45 мың доллар немесе теңгеге есептегенде 20 млн теңге жалақы алады. Мұның бәрі оның жүріп-тұруына, іссапарларына жұмсалатын ақшаға кірмейді. Сіздер тағы АХӘ туралы не білгілеріңіз келеді, ә?", – деп жазды ол мысқылдап.

Айта кетсек, түрік азаматы «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті болып 2021 жылы тағайындалған. Сол кезден бері акционерлік қоғамның директорлар кеңесінде әуежайдың басшысынан басқа, Фатих Омюр, Кюршад Кочак, Еткин Пакер мен Емре Мутлу деген түрік азаматтары қызмет етіп келеді.

фото: facebook.com