Ер адамды сағат 12.00-де Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Бұрхан бұлақ сарқырамасынан 12 шақырым қашықтықта тапты.
Жетісу тауларында жоғалған блогер табылды
1,258
оқылды

Жетісу облысының тауларында жоғалып кеткен тиктокер табылды,   деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

«7 маусымда сағат 18.50-де Жетісу облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне 1986 жылы туған ер адамның 6 маусым күні сағат 15.00 шамасында Ескелді ауданының тауларында орналасқан Бұрхан бұлақ сарқырамасына қарай велосипедпен кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам – TikTok әлеуметтік желісінде өз блогын жүргізетін саяхатшы, Алматы қаласының тұрғыны.

«Іздестіру-құтқару жұмыстары Қарабұлақ ауылынан 40 шақырым жерде, Қорын шатқалы мен Бұрхан бұлақ сарқырамасы аудандарында жүргізілді.

Жедел жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының арқасында ер адамды сағат 12.00-де Жетісу облысы ТЖД құтқарушылар тобы Бұрхан бұлақ сарқырамасынан 12 шақырым қашықтықта тапты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Іздестіру жұмыстарын жүргізуге ТЖД-дан 12 қызметкер мен 4 техника, кинологиялық есеп, аудандық полиция бөлімінің 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды»,  делінген ТЖМ мәліметінде.