Алмаз Құлтанов 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Астанада жүкті әйелді құтқарғаны үшін марапатталған полицей Құлтанов қамауға алынды
9,042
оқылды

Үш жыл бұрын жүкті әйелді құтқарып, марапат алған елордалық полицей Алмаз Құлтанов қамауға алынды, –  деп хабарлайды Massaget.kz.

8 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алмаз Құлтановқа қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

Расталмаған деректерге сәйкес, полицей 10 миллион теңге көлеміндегі параны беруге көмектескен деген күдікке іліккен. 

Айта кетейік, 2021 жылы 3 қыркүйекте елордалық полицейлер өз-өзіне қол жұмсағысы келіп, өзенге секірген жүкті әйелді құтқарып қалған еді.

Полицей Алмаз Құлтанов Қабанбай батыр даңғылында қызметте болған кезінде сағат 12.20 шамасында "Рамстор" СҮ ауданы маңындағы Есіл өзенінің көпірінен секірген әйелді көрген. Құлтанов ойланбастан оның артынан секірген. Ал кейін ІІМ басшысы жүкті әйелді суицид жасаудан құтқарған полицейлерді марапаттады.