Солтүстік Қазақстан облысындағы Белов ауылдық округі әкімінен сұхбат алған журналист көлігі мен баспанасы бар-жоғын сұрады. Әкім ешқандай мүлкі жоқ екенін айтып, өзін үй-күйі жоқ «қаңғыбасқа» теңеді.
Желіде видеосы тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті.
«Менің жеке көлігім, жеке үйім жоқ. Ештеңе жоқ. Мен қаңғыбаспын. Мен жалдамалы пәтерде түнеймін», – дейді әкім.
Алайда желі қолданушылары шенеуніктің сөзіне күмән келтіріп, сене қоймады.
«Басқа әкімдерге қарап, мақтанбайын деп керісінше істеді», «Бар мүлкін әйелі мен балаларына жазып қойған» деп жазды олар.