Оқиға кеше болған
Атыраулық әйел құрбысын тонап кетті
2,609
оқылды

Атырауда құрбысын 45 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше, 7 маусымда болған.

«Полицияға ақша айырбастау пунктінен шыққан 1980 жылғы әйелдің 45 млн теңгесін тонады деген хабар түскен. Осыған байланысты криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері шағымданушы ұрлықты өзі ұйымдастырғанын анықтады. Ұсталған екі күдікті оның таныстары болып шықты. Күдіктілер өз әрекеттерін мойындады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ұрланғанды деген ақша 32 жастағы кәсіпкер әйелге тиесілі болған. Ол ақшаны құрбысына сеніп тапсырған.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.