Лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Ақтөбе облыстық Мамандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды қызметкерлері қамауға алынды
3,257
оқылды

Ішкі істер министрлігіне қарасты Ақтөбе облыстық Мамандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды қызметкерлері қамауға алынды, деп хабарлайды Рolisia.kz.

«Ақтөбе облысының Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне ақшалай қаражатты төлеудегі заң бұзушылықтар туралы ақпарат келіп түсті.

Осы факті бойынша аудиттік тексеріс жүргізілді. Оның нәтижесімен Мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

6 маусым күні лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-тараж ету») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық істі тергеу аясындағы өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген полиция хабарламасында.