ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеру жүргізді.
Халықтың сынынан кейін Air Astana әуекомпаниясына әкімшілік айыппұл салынды
1,938
оқылды

Жасыратыны жоқ, жылда жаз айларында әуебилеттердің бағасы тым шарықтап кетеді. Халықтың сын-уәжін ескерген ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеру жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша, Air Astana іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстеме жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір әуебилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды.

2023 жылдың 8 маусымында Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Air Astana әуекомпаниясына қатысты 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.