«Қазгидромет» 10-12 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Демалыс күндері жаңбыр жауып, дауыл соғады
3,973
оқылды

Алдағы күндері атмосфералық фронт әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, жел соғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

10-12 маусымда солтүстік, шығыс, орталық пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауып, оңтүстік-батыс, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Барлық аймақта ауа температурасы төмендейді.

Сонымен, ыстық солтүстікте, шығыста +20+29°С дейін, орталықта +20+33°С дейін, 11-12 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында +23+28°С дейін бәсеңдейді.