Қазақстанның синоптиктері сенбі, 2023 жылдың 10 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикада жел күшейеді, шығыста шаңды дауыл тұрады, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ жаууы мүмкін, шығыста, оңтүстікте – бұрқасын, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі", - делінген хабарламада.