Қаратау ауданына қарасты "Тұран-1" ықшамауданында 15 жасар жасөспірімнің денесі табылды, - деп хабарлайды OTYRAR.
8 маусымда кешке жасөспірім мал бағуға кетіп, содан оралмаған. Сағат 4.50-де оның денесі Новостроек көшесіндегі ашық алаңнан табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ екені де нақтыланады. Сондай-ақ дене жарақаты анықталған жоқ. Қазір жасөспірімнің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Марқұмның №72 орта мектепте оқығаны, инклюзивті білім алғаны белгілі. Бүгін таңертең онда емтихан болған.
"Бала 9-сыныпты бітірді, мектепте қандай да бір проблемалары болмаған, мінез-құлқы жақсы, инклюзивті білім алды, сабақтан қалмайтын. Бүгін емтихандары болды, ол келуі керек еді. Таңертең оның ата-анасына қоңырау шалып, қайғылы хабардан қанық болдық. Олар оның басы айналып құлап, басын қатты ұрып алған болуы мүмкін екенін болжайды. Отбасыға көңіл айтамыз", - деді Шымкент қаласының №72 мектебінің директоры Бегмат Усманов.