Air Astana айыппұлға қатысты сот актісіне шағым береді.
Air Astana айыппұлмен келіспейді
1,072
оқылды

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеру жүргізді. Тексеріс нәтижесінде Air Astana іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстеме жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір әуебилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды.

Алайда Air Astana бұл айыптаулармен келіспейді.

«Әуекомпания құрылған күнінен бастап өз қызметін Қазақстан заңнамасына сәйкес жүзеге асырып келеді. Әуекомпанияның монополиялық жолмен жоғары бағаларды белгілегені бойынша көптеген тергеулері мен тексерулері тасымалдаушының жұмысында заңбұзушылықтарды анықтаған жоқ. Агенттік жүктеген құқықбұзушылық тек қана отын алымын өндіріп алуға қатысты және негізсіз екенін хабарлаймыз.

Ең алдымен, әуекомпаниялардың отын алымын алуы заңды құқық болып табылады және «Әуе кеңістігін пайдалану туралы» ҚР Заңында қарастырылған. Бүгінде бұл норма қолданылады, бұл туралы Агенттіктің өзі бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен қатар әкімшілік жауапкершілікке тарту соттың істі қарауы көптеген іс жүргізу бұзушылықтарымен жүргізілді. Әуекомпания сот актісіне шағымданады. Ал Агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды, бұл Астана қаласы МАӘС-тың Агенттіктің әрекеттерін/әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы (заңды күшіне енбеген) шешімімен расталады» деп хабарлады Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, жаз айларында билет бағасының қымбаттауына байланысты халықтың наразылығын ескерген ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеріс жүргізіп, 6,7 млрд теңге айыппұл салған болатын.