Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі қай жерде өтетіні белгілі болды.
Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі қайда өтетіні белгілі болды

Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі Алматыда 11 маусым күні сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Бердібек Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.