"Мен Мұқасандар кеткен кезде шығарып салдым, концерт жасап, домбыра сыйлап. Орданы шығарып салдым, Әбекені шығарып салдым. Бірақ бәріне айттым, сендердің 40 күндерің кем, партнер керек, әлі де шынығыңдар деп. Ешқайсысы тыңдамады, бәрі кетті ғой. Мысалы, Әбунасырға да қоя тұршы, дайын емессің деп айтқанмын. Ол барды да "Нысана" деген театрды ашты. Оның өзі өңкей квнщик балалар. Ал Әбунасырға партнер керек, ол партнерсіз ешкім емес. Оның тентек рөлдерін көтеретін қасында Қуандық жоқ, Жанатбек жоқ, Алмат жоқ. Ана балалар жас балалар. Ол жерде бір образ жасаған жоқ. Бір-екі рет монолог оқимын деп еді болмады. Ол монологтің адамы емес. Одан кейін киноға кетті. Кинода істеп жүргенінің барлығы баяғы "Бауыржан шоудағы" голубой гаи, Күлімхан, тентен балдар. Бір ампулада қалып кетті бала. Бірақ өзі мен сұмдық қылып жүрмін деп ойлайды. Актер көп нәрсе істегісі келмесе, үлкен образдан қашса жаңағыдай тентектің рөліне кете бастайды, "басын қасиды, көтін қасиды" деген сияқты. Сосын Әбекеге өткенде де бір-екі рет айттым, шешеден боқтап шығыпты. Осы қалды ма енді, елді күлдіру үшін осыған дейін бардыңдар ма, ұят емес пе деп", – дейді ол.