Америкалық файтер Бенил Дариуш (22-4) қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) жартылай орта салмақ чемпионы британиялық Леон Эдвардсті (21-3) жеңе алатынына сенімді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Тегі ирандық Дариуш жеңіл салмақтағы UFC рейтінгінде төртінші орында екенін айта кетейік.
"Шавкаттың мүмкіндігі үлкен. Ол Қазақстаннан ғой, солай емес пе? Ол өте мықты, белдесуі де, бокста да, аяқпен де соққы жасай алады, тейкдауннан жақсы қорғанады, сабмишендерді сәтті орындайды. Шынын айтқанда, оның Леонды жеңу мүмкіндігі өте жоғары", - дейді Дариуш "СЭ" басылымына берген сұхбатында.