Олардан заттай дәлелдеме ретінде 6 млн теңгеге сатуға тырысқан екі арыстан тәркіленді
Қарағандыда аландарды сатпақ болған үш адам ұсталды
1,761
оқылды

Қаладағы хайуанаттар бағында жабайы жануарларды заңсыз сату фактісі орын алғаны жөнінде Қарағанды полициясына хабарлама келіп түсті, деп жазды ІІМ.

Осы ақпарат бойынша облыстың криминалдық полиция қызметкерлері ІІМ Криминалдық полиция департаментімен өзара бірлесіп мекемеден тыс жерде арыстандардың күшігін сатқан 22, 37 және 44 жастағы үш ер адамды ұстады. Олардан заттай дәлелдеме ретінде 6 млн теңгеге сатуға тырысқан екі арыстан тәркіленді.

Бұл факті ҚР ҚК-нің 339-бабы «сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз қарым-қатынас жасау» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта одан әрі тергеу шаралары жүргізілуде.