Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 621 рет су төгілді
Абай облысында өртті үш бағытта сөндіріп жатыр
1,129
оқылды

Қазіргі уақытта Абай облысында үш бағытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

«Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылған.

14 тікұшақ тартылды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 621 рет 1900 тонна су төгілді", - деп жазды ведомстводан.