Алматыда кешкісін найзағай ойнайды
13 маусымда еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
2,907
оқылды

Синоптиктер еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Шымкентте күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт тұтану қаупі бар.
Күндіз Абай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20 м/с. Төтенше өрт тұтану қаупі бар. Семейде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде епіні 15-20 м/с. Төтенше өрт тұтану қаупі бар. Кокшетауда 13 маусымда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Төтенше өрт тұтану қаупі бар.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 36 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт тұтану қаупі бар. Актөбе қаласында шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай ойнайды. Жел шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысып соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Күндіз Атырау облысының батысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Өскеменде жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, 15 маусымда екпіні 23 м/с болады. Төтенше өрт қауіпі бар. Таразда 15 маусымда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.
13 маусым күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 17-22, екпіні 28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі бар. Облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Оралда 13 маусымда жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі бар. Қостанай қаласында 13 маусымда түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Қарағанды қаласында 13 маусымда солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында 13 маусымда күндіз шаңды дауыл. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі бар.

Күндіз Павлодар облысының солтүстік жартысында найзағай, дауыл. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі бар. Павлодар қаласында 13 маусымда күндіз найзағай, дауыл. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 23 м/с.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі бар. Түркістан қаласында 13 маусымда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ жауады. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.Күндіз Ұлытау облысының шығысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі бар.