50 миллион теңге шегін қою көзделіп отыр
Елімізде қымбат көлік иелеріне қосымша салық салынуы мүмкін
1,682
оқылды

Қазақстанда қымбат көлік иелеріне қосымша салық салынбақ. Бұл туралы Сенатта өткен "дөңгелек үстелде" ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин айтты.

Салық саясаты және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мәселелеріне арналған "дөңгелек үстел" барысында Амрин сән-салтанат тауарларына салынатын салықты арттыру жоспары туралы айтты.

"Көлік құралдары бойынша. Мұнда да шамамен 50 миллион теңге шегін қоюды көздеп отырмыз. Егер көлікің нарықтағы құны осы шектен асып кетсе, онда акциздер арқылы қосымша салық салынады", - деді шенеунік.