Америкалық зерттеушілер адам мен ЖИ (AI) жазған мақалаларды ажырататын әдіс ойлап тапты. Бұл әдіс 99% дәлдікпен плагиатты анықтайды.
Плагиатты ChatGPT дәл анықтайды
1,456
оқылды

ChatGPT жазған ғылыми мақалаларды анықтау дәлдігі 99%-ды құрады. Америкалық зерттеушілер адам мен ЖИ (AI) жазған мақалаларды ажырататын әдіс ойлап тапты. Cell Reports Physical Science журналында жарияланған мақалада көрсетілген тәсілдердің тиімділігін Aikyn.kz бағалайды.

Фото reddit.com сайтынан алынды

ChatGPT-да қолданылатын алгоритмдер адамдардың шығармашылық өмірін мүлдем өзгертіп жіберді. Цифрлық мәдениеттің жаңа құбылысы адамдардың жұмысында, білім саласында, көркем шығармалар жазуда жиі көрініс табуда. Адамның жазғанын машинаның жазуынан ажырату күн тәртібіндегі кезек күттірмес әрі өзекті мәселеге айналды.  

Канзас университетінің (АҚШ) мамандары да ғылыми жұмыстарды жазу үшін ChatGPT және басқа да генеративті модельдердің қолданылуына алаңдаушылық білдіріп, арнайы зерттеулер жүргізді. Эксперимент барысында университет инженерлері ғылыми материалдарда плагиатты анықтайтын ЖИ негізінде жұмыс істейтін құрал жасады. Бұл тәсілдің қызмет көрсету дәлдігі 99% деп көрсетілді.

Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Laurence Dutton

Ғылыми жұмыстың авторы Хизер Десер әріптестерімен бірге 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың наурызында академиялық басылымдарда жарияланған 64 ғылыми мақаланы таңдап алған.

Осы мақалаларды зерттеушілер ChatGPT-ға жүктеп чат-ботқа 128 жалған мақала жазуды тапсырды. Нейрондық тапсырманы орындап, барлығы 1 276 абзацтан тұратын материал жасайды.

ЖИ жазған материалдар кейін басқа мақалаларды тексеру үшін пайдаланылады. Нәтижесінде, ChatGPT негізінде құрылған сервис 99%-дық дәлдікпен шынайы мақалаларды жалған мақалалардан ажыратуға мүмкіндік беретіні белгілі болады.

Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Serts

Зерттеушілер адам мен ЖИ жазған мәтіндерді 4 категорияға бөліп салыстырған: 1) абзацтардың көлемі; 2) сөйлемдердің ұзақтығының; 3) тыныс белгілерді қолдану; 4) сөз байлығына байланысты.

Мамандар адамның жазған мәтінін чат-бот жасаған мәтіннен ажыратуға әбден болады деген қорытындыға келген. Өйткені нағыз ғалымдар ұзақ сөйлемдер жазуға және әртүрлі сөздерді қолдануға бейім. Сондай-ақ адамдар тыныс белгілерін жиі қолданады.