Оның оқ атқаны, атпағаны белгісіз. Тек көші-қон режимін бұзған.
Таиландта ұсталған Қазақстан азаматына қандай айып тағылғаны белгілі болды
3,246
оқылды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландта ұсталған Қазақстан азаматына қандай айып тағылғанын айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке қарай, кейбір БАҚ ақпаратты қайталап тексерместен, дереккөзге сілтеме жасап таратқан. Біз мәлімет сұраттық, тай билігі растады. Қазір оның кім екені анықталды. Расымен, ол Қазақстан  азаматы. Таиланд полициясы 45 тәулікке қамауға алды. Оған аталмыш елде болудың визалық режимін 4 күнге асырып, бұзғаны туралы айып тағылып отыр. Одан басқа ресми ақпарат түскен жоқ. Қазақстанның Таиланд елшілігі бұл мәселені бақылауда және Таиландтың құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста. Яғни, оның оқ атқаны, атпағаны белгісіз. Тек көші-қон режимін бұзған», – деді ресми өкіл.

Еске салсақ, бұған дейін Пхукет әуежайында Қазақстан азаматының ұсталғаны хабарланған еді.

Фото: inbusiness.kz