Әлеуметтік желіде жастар арасындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқушылар арасындағы футболдың соңы жаппай төбелеске ұласты
1,178
оқылды

Түркістан облысында оқушылар арасындағы футболдың соңы жаппай төбелеске ұласты.

Әлеуметтік желіде жастар арасындағы жаппай төбелестің видеосы тарады. Онда оқушылардың алаң ортасында бірін бірі аяусыз ұрып жатқанын көруге болады.

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, аталған жағдай Қазығұрт ауданында болған. Ескі ипподромда өткен футболдың соңы төбелеске ұласқан.

«Тексеру кезінде бұл факт бойынша ауруханаға ешкім жүгінбеген және полицияға арыз түспегені анықталды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары бейнежазбадағы бірнеше жас жігітті анықтап, профилактикалық әңгіме жүргізді. Қазіргі таңда полицейлер тексеру жүргізуде және барлық мән-жайларды анықтауда. Бұл факт Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында» - делінген ведомстваның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.