Сауд Арабиясының шөлінде таңғажайып қала салынуда. 170 шақырымға созылған фантастикалық ғимарат 170 шақырымға созылады, биіктігі – 500 метр, ені – 200 метр. Әлемде болмаған құрылыс жұмыстары басталып кетті. Құрылыс ауқымын спутниктен түсірілген фотолардан ғана бағалауға болады.
9 миллион адам тұратын зәулім ғимарат-қала салынады
10,623
оқылды

Британдық Atkins фирмасы Сауд Арабиясының шөлінде Line деп аталатын фантастикалық қала салудың жоспарын жасау тапсырылды. Бұл компания Нью-Йорк сияқты мегаполистің тұрғындарын бір ғимаратқа сыйғызу идеясын іске асыруға негізделген.

Newatlas.com сайтында жарияланған мақалаға сілтеме жасаған Aikyn.kz 170 шақырымдық зәулім ғимарат салудың қажеттілігін талдайды.

Иллюстрация Teneo Strategy компаниясының сайтынан алынды 

Сауд Арабиясының шөлінде салынып жатқан The Line деп аталатын жобаға көптеген маман таңырқап қарауда. Шөл далада 170 шақырымға созылған ғажап ғимараттың өлшемдері де бұрын әлемде болмаған. Ғимараттың ұзындығына қоса, биіктігі де аз емес – 500 метр, ал ені 200 метр болады.

Қызыл теңіз жағасынан басталатын ғимарат таулар мен аңғарларды кесіп өтеді және оның беті айнадай жылтыр болады деп жоспарланған. Тек экологтер мұндай айнадай алып ғимараттың жергілікті құстардың популяциясын жойып жібермей ме деп алаңдайды.

Иллюстрация Teneo Strategy компаниясының сайтынан алынды 

Ғимараттың табиғатқа түсіретін салмағы көп емес, ол 100% жаңартылатын энергиямен жұмыс істейтін болады. Қазіргі ірі мегаполистерде көлік инфрақұрылымы, электр қуатымен, тұрғындарды сумен, азық-түлікпен қамтамасыз ету және тұрмыстық қалдықтарды жинау проблемалары бірінші кезекке шығарылған кезде The Line жобасы бұл мәселелерді қалай шешеді деген қисынды сұрақтар да туындайды.

Жүздеген миллиард қаражат жұмсалатын мега жобада мұның бәрі қамтылған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Line мұндай мәселелерді шешу үшін жасанды интеллект технологиясын қолданады және тұрғындардың қажеттіліктерін болжауға көмектесу үшін олардың өмірін ұдайы мониторинг жасап отырады.

Биік ғимаратта тұрғындардың айналадағы керемет шөлдік ландшафты тамашалайтын арнайы платформалар жасалады.

 Atkins фирмасының бас компаниясы SNC-Lavalin  The Line жобасына консалтингтік қызметтер көрсету үшін 5 жылдық келісімшартқа отырды», – деп түсіндірді SNC-Lavalin-нің баспасөз қызметі.

Сауд Арабиясы Корольдігінің жаңа болашаққа көзқарасын көрсететін Neom деген атаумен жинақталған жобаларының ішінде The Line жобасынан басқа Qiddiya және Mukaab сияқты батыл архитектуралық шешімдері де бар. 

Иллюстрация Qiddiya жобасының сайтынан алынды

SNC-Lavalin компаниясы осы кешендерді жобалау, сатып алу, салу, сынау және іске қосуға байланысты консалтингтік қызметтер ұсынып, Neom жобаларының логистикасымен айналысады. Корольдіктің әрбір жобасы ауқымы, күрделілігі мен іске асырылуы жағынан әлемнің ешбір елін қайталамайтын инновациялық талаптарға жауап ретінде іске асырылуда. 

Иллюстрация Qiddiya жобасының сайтынан алынды

Жақында MIT Technology Review интернет ресурсы жобаның шөл далада салынып жатқанын хабарлап, спутниктік фотосуреттер арқылы мега құрылыстың барысы мен жақын жерде тұратын мыңдаған жұмысшылардың бригадасын көрсетті. Құрылыс ауқымы таңғалдырады. 

Фото SOAR сайтынан алынды

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның Корольдікті жаңғырту, жаңа дәуірге бейімдеуге арналған көзқарасының бір бөлігі ретінде жобаланған жалпы ұзындығы 170 шақырым болатын қалада болашақта 9 миллион тұрғын болады деп болжануда.

Тақ мұрагерінің басты мақсаты – мұнайға негізделген елдің экономикасын туризмге бұру.

Иллюстрация Qiddiya жобасының сайтынан алынды

Шөл далада атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы таңғалдырады. Жоғарыда айтылған Qiddiya және Mukaab жобаларынан басқа Қызыл теңіздің жағасын туристерге тартымды демалыс аймағына айналдыру, Foster+Partners компаниясына тапсырылған зор Red Sea әуежайы, 1 000 МВт/сағаттық электр сыйымдылығы бар аккумулятор сияқты фантастикалық құрылыстар Сауд Корольдігінің болашаққа бағытталған өршіл саясатын көрсетеді.