Абай облысында ормандағы өртті сөндіріп жатыр.
Орман өрті: Абай облысында жаңбыр жауа ма?
1,191
оқылды

Жедел штабтың мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Аймақта ауа температурасы 23-28 градус, солтүстіктен соққан желдің секундына 7-12 метрге жетеді, жауын-шашынсыз. Бұл туралы Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ге жуық адам, 350-ден астам бірлік техника жұмылдырылды.

Өткен тәулікте тікұшақпен барлығы 535 рет көлемі 1 600-ға жуық тоннадан астам су шашты. Өрт басталғалы бері орманға 1 450 рет көлемі 4 000 тоннадан астам су төкті. 

Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 179 қоңырау келіп түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желісінің телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 7222 35 38 31.

«Қазгидрометтің» дерегінше, бүгін ауа райы жауын-шашынсыз, солтүстік, солтүстік-шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8+13 градус, күндіз +20+25 градус.

15 маусымда да ауа райы жауын-шашынсыз, солтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні 17-22 м/с болады. Түнде ауа температурасы +5+10 градус, күндіз +23+28 градус.