15 маусымда сағат 04.42 шамасында Петропавл қаласы Сәтпаев көшесінде жол апаты болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.
СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары BMW 530 автокөлігін тізгіндеген 21 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай, ағаш пен бетон плитаға соқтығысып, содан кейін гаражға соғылғанын алдын ала анықтады.
"Автокөлік жүргізушісін жедел жәрдем бригадасы қалалық ауруханаға жеткізді. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды",– делінген хабарламада.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.