«Балқаш Жылу» ЖШС-ның лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 677 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бар.
«Балқаш Жылудан» 677 миллион теңге жымқырғандар қамауға алынды
1,364
оқылды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті тіркеді. Бұл туралы Aikyn.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Анықталғандай, «Балқаш Жылу» ЖШС-ның бұрынғы басшылығы 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Балқаш ЖЭО және Балқаш қаласының жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және ұстауға арналған 677 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жеке шоттары мен жалған кәсіпорындардың шоттарына жіберу арқылы жымқырған. 

Аталған тұлғалар ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. 

Судья екі айға қамауға шешім шығарды. Тергеу жалғасып жатыр. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтерді жариялауға болмайды.