Қайғылы оқиға 14 маусым күні Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында болды.
БҚО-да бүлдіршін құдыққа құлап,  мерт болды
985
оқылды

Батыс Қазақстан облысында кішкентай бала құдыққа құлап, көз жұмды.

БҚО  Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 14 маусым күні Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында болды.

«Шамамен сағат 22.00-де 2021 жылғы 6 шілдеде дүниеге келген ұл бала Ғ.Қараш көшесі, 61 мекенжайы тұсында тереңдігі 2 метр, ашық жатқан, су толы құдыққа құлап кеткен. Бала Жәнібек аудандық орталық ауруханасына жеткізілгенмен, есін жия алмастан қайтыс болды. Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,  деп хабарлады ведомстводан.

Тұрғындардың айтуынша, бала аудан әкімдігі ғимаратының артында орналасқан құдыққа түсіп кеткен.