Кәсіпорынға келтірілген залал 150 млн теңгеден асады.
Павлодар облысында зауыттан феррохром ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
1,009
оқылды
Ақсу ферроқорытпалар зауытының аумағынан феррохром өнімдерін ұрлаумен тұрақты айналысқан қылмыстық топтың заңға қайшы қызметінің жолы кесілді.

Павлодар облысында жедел уәкілдер феррохром ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасын үйлестіру кезінде жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін ұзақ әзірлеу және жүргізу барысында ұзақ уақыт бойы ферроқорытпаларды өндіру және жеткізу бойынша елдің ірі кәсіпорындарының бірі болып табылатын Ақсу ферроқорытпалар зауытының аумағынан феррохром өнімдерін тұрақты ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Кәсіпорынға келтірілген залал 150 млн теңгеден асады. 

"Жедел уәкілдер бүкіл "қылмыстық тізбекті" құрды, оның құрамына зауыттың бұрынғы және қазіргі жұмысшылары, сондай-ақ аймақтың "қылмыстық элементтері" кірді. Қылмыстық іс бойынша 10-нан астам тінту іс-шаралары жүргізілді, оның барысында тергеу үшін маңызды заттай дәлелдемелер, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік, қымбат көліктер және басқа да материалдық құндылықтар тәркіленді. Полиция осы қылмысты жасады деп күдіктелген 14 адамды ұстады, оларға қатысты түрлі бұлтартпау шаралары таңдалды", – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.