UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Жалғас Жұмағұлов MMA.Metaratings.ru порталына берген сұхбатында Шавкат Рахмонов туралы өз ойын айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz.
- Шавкат Рахмонов. Чемпиондық айқасқа қаншалықты жақын?
- Өте аз қалды. Бір-екі жекпе-жек. Келесі айқасты жылдам аяқтаса, нөмірі бірінші үміткер атанады. Белал Мухаммад мен Камару Усман кезекте тұр. Хамзат Чимаев қай салмақта жұдырықтасатыны белгісіз. Сондықтан Шавкат кіммен айқасатыны түсініксіз болып тұр.
- Рахмоновтың Джефф Нилмен жекпе-жегі ауыр өтті. Бұл Шавкаттың техникасы, физикасы немесе басқа тұстарындағы қателіктері барын көрсетті ме?
- Иә, ауыр айқас болды. Дегенмен Шавкат барлық раундта басым болды. Қарсылас мықты еді. Рахмонов ақылды спортшы және бапкерлері де жақсы, олар қателіктерін түзейді. Ал былай көп қателік жіберді.
- Соның бір-екеуін атап жіберіңізші.
- Соққы алмасуда көп өткізіп алды, керек емес жерде қолдарын түсірді. Осы арқылы мінезін көрсеткісі келді. Бірақ көрсете де алды. Қолынан келді.