Дәрігерлердің айтуынша, ол тиісті ем алып, өзін байыпты ұстаған.
Павлодарда ер адам төртінші қабаттан секіріп кетті
723
оқылды

Павлодарда ер адам аурухананың төртінші қабатынан құлап, мерт болды. Науқас ауруханада бір күн ғана жатқан, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы жағдай 28 мамыр күні сағат 23:50-де болған. Науқас Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың төртінші қабатынан секіріп, қайтыс болды.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері шақырылды. Аталған факті бойынша құзыретті органдар тергеу жүргізіп жатыр.

«Науқас тыныс алу жолдарының ауруларымен ауруханаға 27 мамыр күні түсті. Дәрігерлердің айтуынша, ол тиісті ем алып, өзін байыпты ұстады. Оның неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге анықталған жоқ», – деді басқармадан.

Аурухананың әкімшілігі қызметтік тергеу жүргізген, алайда медицина қызметкерлері тарапынан қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін фактілер анықталмаған.