«Құрметті қазақстандықтар! «Ақ Ертіс» қоғамдық қоры Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өрті салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына қаражат жинау және гуманитарлық көмек көрсету үшін қол ұшын созған еліміздің барлық тұрғынына үлкен алғысын білдіреді.
Барлық қазақстандықтардың бірігуінің арқасында бірнеше күн ішінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына жан-жақты көмек көрсету үшін жеткілікті қаражат жиналды.
Сондықтан, алаяқтардың қандай да бір алыпсатарлық әрекеттерін болдырмау үшін «Ақ Ертіс» қоғамдық қорының жоғарыда аталған мақсаттарға қаражат жинауы аяқталғаны туралы хабарлаймыз.
Жиналған қаражатты бөлу кезінде объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін тиісті уәкілетті комиссиялармен өзара іс-қимыл жасай отырып, қор көмек көрсетуде бірыңғай тәсілді әзірлейтін болады», – делінген мәліметте.
Бірнеше күн бұрын Абай облысы әкімдігінің ресми сайтында «Ақ Ертіс» қоғамдық қоры қайырымдылыққа қаражат жинауды бастағанын жариялаған болатын.