Түркістан облысы Кентау қаласында кәмелетке толмаған қыз ауруханаға түсті. Оның анасының айтуынша, қызына үй ауласында үш қыз жабылып, соққының астына алған.
Үш қыз жабылып ұрған: түркістандық қыз ауруханаға түсті
4,322
оқылды

Оtyrar.kz-тің хабарлауынша, оқиға маусымның 15-інен 16-сына қараған түні болған. Полицияға жас қыздың дене жарақатымен ауруханаға түскенін дәрігерлер хабарлаған. Бұл деректі Кентау полиция басқармасы тіркеп, тиісті сараптамаларды тағайындаған.

Полицейлер болған оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар жәбірленуші қыздың орталық аураханаға жабық бас ми жарақаты диагнозымен түскенін хабарлады.

Қазіргі таңда ол травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы орташа ауыр.