Кадрдан жас келіншектің мәһрге жүргізуші куәлігін сұрағанын байқауға болады. Мұны көрген желі оқырмандары пікірлерін жарыса жазып, жастарға бақыт тіледі.
«Жастар бақытты болсын», «Әдемі жұп екен», «Мәһрге жүргізуші куәлігін сұраған келіншекті бірінші рет көрдім», «Жолдасын қинағысы келмеген шығар», «Жүргізуші куәлігін қалай алып береді екен?», «Мәһрдің қадірі кетіп қалды ғой», «Жастар мәһрге не болса соны сұрайтын болыпты. Имамдар түсіндірмейді ме екен?!», «Жолдасы алып берем десе, алып беретін шығар», «Қызық екен», «Жүргізуші куәлігі мәһрге жатпайды» деді олар.